+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Францияда ұшқыш Нотр-Дамды соғуға әрекеттенген

2021 жылғы 10 қазан 13:36
Бөлісіңіз:
Францияда ұшқыш Нотр-Дамды соғуға әрекеттенген

ПАРИЖ. ҚазАқпарат – Париж полициясы Нотр-Дам шіркеуі ғимаратын ұшақпен соқпақ болды деген күдікпен бұрынғы азаматтық авиация ұшқышын тұтқындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Австрияда хирург қателесіп науқастың сау аяғын кескен Перуде шағын автобус жардан құлап, 10 адам қаза тапты Солтүстік Кореяда температура үздіксіз жоғарылап барады

Бұл туралы сенбі күні кешкісін CNews телеарнасы полициядан алған деректерге сілтеме жасап хабарлады.

Тұтқындау операциясы Парижде 7 қазан күні өткізілген. Air Liberty, Air Tahiti және Royal Fly әуе компанияларының бұрынғы ұшқышының туыстары полицияға хабар берген. 50 жастағы ер адам күйзеліске ұшырап, «таяу уақытта ұшақпен Нотр-Дамға бұзып кіретінін» өзі хабарлаған. Елдің оңтүстік-батысында, Андай қаласында Испаниямен шекараға жақын маңда тұрып келген оның Cessna жеңіл туристік ұшағы болған. Полицияға хабар берген туысы бұрынғы ұшқыштың психикалық жағдайы ауыр екенін айтқан. Андай қаласының полициясы бұл деректі шұғыл түрде Парижге жіберген. Бұрынғы ұшқыш Франция астанасынан ұялы телефонындағы геолокацияның арқасында табылған. Ол ішімдік ішіп, Нотр-Дамдағы өрттен кейін оның функциясын атқарып жатқан Сан-Сюльпис соборына жақын жерде жүрген. Le Figaro газетінің мәліметінше, Париж полициясы таяу уақытта ұсталушымен психиатриялық сараптама жүргізеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақбөпе Әбдрасул

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT