Францияда ұшақ апатқа ұшырады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Францияның солтүстігіндегі Бонду аэродромы маңында ұшақ апатқа ұшырап, кем дегенде екі адам қаза тапты. Бұл туралы ҚазАқпарат BFMTV телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Жергілікті өрт сөндіру қызметінің мәліметінше, жерге соғылғаннан кейін ұшақ өртеніп кеткен. Алдын ала деректерге қарағанда, бортта ұшқыш -нұсқаушы мен студент болған.

Оқиға орнына 37 өрт сөндіру бригадасы жіберілді.


Соңғы жаңалықтар