Францияда үңгірден 1930 жылғы автокөліктердің қоймасы табылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бельгиялық оқытушы және әуесқой-зерттеуші Винсент Мишель Францияның тас өндіретін жерасты кенішінен Екінші дүниежүзілік соғыстан бері иесіз жатқан автокөліктер қоймасын тапқан. Сол кезде жаулап алушы немістер машиналарды иемденіп кетпес үшін соғыс басталмас бұрын оларды жер астына жасырған секілді. Алайда, көліктер әлдеқайда ұзақ уақытқа сақталған, деп хабарлайды The Telegraph.

null
56 жастағы мұғалім тапқан олжасына қуанышын жасырмады: «Мен қатты таңғалдым, тура бір көне заманға барған секілді әсер алдым!», дейді ол.

Қойманың сол кездегі иесі соғыстан кейін де тұраққа машиналар қосқан. Жер асты кенішіне археологтар барғасын, желіде көліктердің суреттері пайда болды. Тас өндіретін жерасты кенішінің қазіргі қожайыны көліктің бірнешеуін аукционда сатып үлгерген. Алайда, «экспонаттардың» көп бөлігі орнынан қозғалуға жарамсыз күйде бүлінігендіктен жер астында қала бермек. 

null  

Соңғы жаңалықтар