Францияда төтенше жағдай режимі 26 мамырға дейін ұзартылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Франция парламентінің депутаттары елдегі төтенше жағдай режимін тағы үш айға, 26 мамырға дейін ұзарту үшін дауыс берді, деп хабарлайды BFMTV телеарнасына сілтемемен Gazeta.ru.

Аталған заңды қабылдау үшін 212 депутат дауыс бергені, 31 депутат қарсы болғаны хабарланып отыр. Өткен жылдың қараша айында төтенше шараларды жақтаушылар одан көп болған: 551 депутат «иә» деп дауыс берсе, алтауы қарсы болған, біреуі дауыс беруден тартынған.

Өткен аптада төтенше жағдай режимін ұзарту туралы заң жобасын елдің сенаты да қолдап, лаңкестік қауіптің деңгейі «бұрынғыдан күштірек» екенін мәлімдеді.

Бұған дейін Францияның ұлттық жиналысы лаңкестік үшін сотталғандарды азаматтықтан айыруды қолдаған.

13 қарашада Парижде бірқатар лаңкестік шабуылдар жасалды. Дәмханадағы атыс-шабыс, «Батаклан» театрында адамдарды тұтқынға алу және «Стад де Франстың» қасындағы жарылыстар салдарынан 130 адам қаза тапқан.

Соңғы жаңалықтар