Францияда төтенше санитарлық жағдай енгізіледі

None
None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Франция үкіметі COVID-19 коронавирусының пандемиясына байланысты төтенше санитарлық жағдай енгізбек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Францияның Премьер-Министрі Эдуард Филипп сәрсенбі күні министрлер кабинеті отырысының қорытындысында ел аумағында ерекше санитарлық жағдай енгізу туралы заң жобасын парламент қарауына ұсынатынын хабарлады.

Бұл заң жобасы қозғалыс еркіндігін, кәсіпкерлік еркіндігін, жиналыстар жасау еркіндігін шектеуге мүмкіндік береді.

Айта кетейік, соңғы рет Францияда төтенше жағдай 2015 жылы 13 қарашада терактілер жасалғаннан кейін енгізілген болатын.

Сәрсенбі күнгі жағдай бойынша бұл елде 9134 адам инфекция жұқтырған, 264 адам қайтыс болған.


Соңғы жаңалықтар