Францияда толқын жүздеген дельфиннің өлексесін жағалауға шығарды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Теңіз толқыны жүздеген дельфиннің өлексесін Франция жағалауларына шығарды. Олардың көпшілігі балықшылардың торына оралып, мерт болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Phys.org басылымына сілтеме жасап.

«Дельфин тұмшаларының шамамен 85 пайызы абайсызда балықшылардың торына түсіп, мерт болған. Расында, өлімтіктердің нақты саны толқынмен жағаға шыққандарынан төрт есе көп болуы мүмкін деп жорамалдап отырмыз», - дейді PELAGIS табиғатты қорғау ұйымының экологы Оливье ван Каннейт (Olivier van Canneyt). Соңғы жылдары кит, дельфин секілді су жануарлары балықшылардың торына түсіп, мерт болу жағдайы жиі кездесіп жатыр. Мәселен, осыдан төрт жыл бұрын көктемде Чили жағалауларынан су жануарларының өлімтігі табылып, қысқа қарай олардың жалпы саны 337-ге жеткен.

Ван Каннейттің айтуынша, бұл жолғы апат Франция үшін соңғы жылдардағы рекордтық көрсеткіш. Экологтар балықшыларды дельфиндерді үркітетін арнаулы буйларды орнатуға шақырып жатыр.

Ғалымдар, қолданылып жатқан шараларға қарамастан дельфиндердің қырылуы тоқтамаса, Атлант мұхитының солтүстігінде олардың саны күрт қысқаратын күндер жақын екенін айтып, дабыл қағуда.

Соңғы жаңалықтар