Францияда терактіден кейін 18 түрменің қызметкерлері ереуілге шықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Францияда 18 түрменің қызметкерлері ереуіл жасап жатыр, деп хабарлайды euronews.com.

Бұған қатысушылардың талабы - жалақыны көтеру және бақылаушыларға қауіпсіздік кепілі.

Кәсіподақ төрағасының сөзіне қарағанда, айлықтың төмендігінен мекемелер ұдайы кадрлардың жетіспеушілігін сезінеді.

Ереуілшілер қоршауға алғандар мекеменің бірі - Еуропадағы ең ірі Флёри-Мерожис түрмесі. Дегенмен олардың сегізінде қарсылық тоқтатылды.

Мұндай келеңсіз жағдайдың туындауына себеп, елдің солтүстік батысындағы түрмелердің бірінде тұтқынның бақылаушыларға пышақ салған оқиғасы болды. Алдын ала болжам бойынша оған суық қаруды қалыңдығы әкелген.

Ол арнайы жасақтың қолынан қаза тапты.

Соңғы жаңалықтар