Францияда су қоймасы құрылысына қарсы наразылық кезінде ондаған адам жараланды

None
Фото: ru.euronews.com
ПАРИЖ. ҚазАқпарат – Франциядағы зейнетақы реформасына қатысты әлеуметтік қақтығысқа экологиялық нарызылықтар қосылып, оның соңы жандармдармен қақтығысқа ұласты. Бес айлық үзілістен кейін 30 мың демонстрант елдің батысындағы Сент-Солинде жиналып, су қоймасының құрылысына қарсылық білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еuronews-ке сілтеме жасап.

Елдің ІІМ басшысының айтуынша, тәртіпсіздіктерге «мыңнан астам радикалды ниеттенген және зорлық-зомбылыққа бейім белсенділер қатысты». Үкімет наразылыққа қатысушыларды тарату үшін 3 200 жандармды тартты, бұл – өткен жылдың қазанындағы акциялар кезінен екі есе көп. Жергілікті прокуратура 35 зардап шегуші туралы хабарлады, оның 28-і – күштік құрылымдардан.

Премьер-министр Элизабет Борн Твиттерде бұл жайтты «шыдатпайтын зорлық толқыны» мен «радикалдардың жауапсыздығы» деп сынға алды.

16 шағын су айдынын біріктіру жобасы 2018 жылдан бері жүзеге асып келеді. Қаржыландыруға 450 шаруа қатысып жатыр. Олар бір кооперативке бірікті.

Кешен қысқы кезеңде жерүсті көздерінен су алуға арналған, бұл жазғы құрғақшылық кезінде суаруға мүмкіндік береді.

Жобаның қарсыластары «суды агробизнестің жекешелендіруі» деп айыптап, билікті су қоймасын салуға мораторий енгізуге шақырады.


Соңғы жаңалықтар