Францияда салмағы 15 тонна кит жағаға шығып қалған

None
None
ПАРИЖ. Францияның солтүстігіндегі Кале портының жұмысшылары жағалаудан салмағы шамамен 15 тонна, 19 метрлік жолақ киттің өлексесін тапты. Бұл туралы жексенбі күні La Voix du Nord газеті жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Куәгерлердің айтуынша, су жануары логистикалық терминалдың металл тірегіне соғылғаннан кейін порт бөгетінің тас үйіндісіне жақын жағаға шығып қалған.

«Францияның солтүстігіндегі сүтқоректілерді қорғау жөніндегі үйлестіру кеңесі» қауымдастығының басшысы Жак Корпузопулос жергілікті уақыт бойынша сағат 14:00-де оқиға орнына жеткенде жануардың өліп қалғанын айтты. Ол дүйсенбіде кит өлексесін теңіз су көтерілген кезде алып кететіндіктерін және сейсенбі күні таңертең сараптама жүргізілетінін мәлім етті.


Соңғы жаңалықтар