Францияда президент сайлауының бірінші туры өтіп жатыр

Фото: None
ПАРИЖ. ҚазАқпарат – Францияда бүгін президент сайлауы өтіп жатыр. Сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша 8-ден 19-ға дейін ашық. 49 млн француз дауыс бере алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Deutsche Welle агенттігіне сілтеме жасап.

Қоғамдық пікір сауалнамасы президент сайлауында қазіргі Мемлекет басшысы Эмманюэль Макрон мен «Ұлттық бірлестік» партиясының өкілі Марин Ле Пеннің қолдауға ие екенін айтып жатыр.

2017 жылы екі саясаткер де сайлаудың екінші кезеңіне шыққан еді. Ле Пен Макроннан екі есеге қалып қойды (33,9 және 66,1 процент дауыс).

Оларға оңшыл радикалды бұрынғы публицист, «Реконкиста» қозғалысының жетекшісі Эрик Земмур, орталық-оңшыл «Республикашылдар» партиясының кандидаты Валери Пекресс, «Бағынбаған Франция» солшыл партиясының жетекшісі Жан-Люк Меланшон, «Еуропа - Экология – «Жасылдар» партиясының өкілі Янник Жадо, сондай-ақ Париж мэрі Француз Социалистік партиясынан Анна Хидалго бәсекелес болып отыр.

Франция президенті 5 жылға сайланады. Егер кандидаттардың бірде-бірі бірінші турда абсолюттік көпшілік дауысқа ие болмаса, онда ең көп дауыс жинаған екі кандидаттың арасында екінші тур өткізіледі. Мемлекет басшысы лауазымын қатарынан екі мерзімнен артық атқаруға болмайды.

Осыған дейін Францияда Наурыз мерекесі тойланғанын жазған едік.



Соңғы жаңалықтар