Францияда Париждегі лаңкестіктен кейін бірнеше мешітке шабуыл жасалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Франция астанасындағы Charlie Hebdo журналының редакциясында орын алған лаңкестік әрекеттен кейін келесі күні елдің бірқатар қалаларындағы бірнеше мешіт шабуылға ұшырады.

Олардың арасында болуы ықтимал байланыс әзірше анықталмады, деп жазады ТАСС.

Ouest France газетінің хабарлауынша, бейсенбі күні таңертең белгісіз біреулер Ле-Ман қаласындағы Саблон мешітінің ауласына бірнеше граната лақтырған. Олардың біреуі ғана жарылды. Абырой болғанда, ешкім зардап шекпеді. Қазіргі кезде діни ғимарат орналасқан ауданды полиция қызметкерлері қоршап алды. Тағы бір шабуыл жерортатеңіздік жағалаудағы Од департаментінде орналасқан Пор-ла-Нувель қаласында орын алған. Белгілі болғандай, қылмыскерлер сәрсенбі күні кешке кешкі намаздан кейін шамамен бір сағат өткен соң намаз оқу залында тапаншадан оқ жаудырған. Сол кезде бөлмеде ешкім болмады, зардап шеккендер жоқ. Бейсенбі күні Францияның шығысында орналасқан Вильфранш-сюр-Сон қаласындағы жарылыс туралы хабарланған еді. Оқиға жергілікті мешітке жақын тұрған мейрамханада орын алған. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ, жарылыстың себебі де белгісіз. Тергеу амалдары жүргізілуде. Естеріңізге сала кетейік, кеше үш қаскүнем Париждің 11-ші округінде орналасқан Charlie Hebdo редакциясына бас салып, ондағы адамдарға оқ жаудырған. Оқиға салдарынан 12 адам қаза тапты, соның ішінде басылымның төрт суретшісі, полицияның екі қызметкері және France Inter радиостансасының шолушысы болған. Тағы 11 адам түрлі жарақаттар алды.

Соңғы жаңалықтар