Францияда орман өртеніп, 2,7 мың турист эвакуацияланды

ПАРИЖ. ҚазАқпарат – Орман өртіне байланысты Францияның оңтүстігіндегі Шығыс Пиренейлері департаментіндегі кемпингтерден 2,7 мыңға жуық турист эвакуацияланды, деп жазады ТАСС.
Алдын ала мәліметтер бойынша, өрт Париж уақыты бойынша сағат 14:00-де Аржелес-сюр-Мер комуннасынан шыққан. Минутына 19 метр жылдамдықпен ескен жел өрттің жылдам өршуіне себепші болған.
Комунна мэрі Антуан Парраның айтуынша, өрт жағалауға қарай өршіді. Өрттен құтқару қызметінің өкілдері 3 кемпингтен 2,7 мың туристі эвакуациялап, уақытша гимназия ғимараттарына орналастырды.
Өртті сөндіруге ондаған өрт сөндірушілер қатысуда. Сондай-ақ қызыл жалынмен күреске Canadair ұшақтары да жұмылдырылған.
«Кемпингтер астанасы» саналатын Аржелес-сюр-Мер комуннасында жыл сайын шамамен 150 мың адам демалады.
- Қостанайлық «103» қызметкерлері екі баланы отқа оранған үйден алып шықты
- 9 жасар жапон баласы математикадан ЖОО-ға арналған тест тапсырып, рекорд орнатты
- СҚО-да екі автокөлік отқа оранды
- Сәби ұшақ бортында дүниеге келді
-
Жаңаөзенде 37 жастағы ер адамды атып кетті
-
Чехия ауруханасындағы атыс: 6 адам ажал құшты
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам