+7 (701) 759 90 19
USD 389.59 EUR 429.06
RUB 6.05 CNY 55.07
Jańalyqtar

Францияда Наполеонның тағы сатылды

2019 жылғы 8 сәуір 14:50
Бөлісіңіз:
Францияда Наполеонның тағы сатылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Франция императоры Наполеон І Бонапарттың тағы француз монархтарының Фонтенбло тарихи резиденциясындағы аукционда 500 мың еуроға сатылды. Бұл туралы сауданы өткізген Osenat аукцион үйі Twitter парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тақты сатып алған адамның аты-жөні жария етілген жоқ.

Ағаштан жасалып, сыртын алтынмен жапқан тақ о баста небәрі 80 мың еуроға бағаланған. Бұған ұзақ уақыт бойы Наполеон отырған тақтардың саны бесеу деген пікір әсер етті. Олардың бірі Париждің Тюильри сарайында, екіншісі Сен-Клу қамалында, үшіншісі Сенатта, төртіншісі Ұлттық жиналыс ғимаратында, бесіншісі Париж мэриясында сақтаулы.

Аукцион үйінің мәліметіне қарағанда, ХІХ ғасырдың аяғында америкалық филантроп Майкл Генри де Янг Наполеонның осы тағын Сан-Францискодағы бейнелеу өнері музейіне сыйға тартқан.

Айта кетейік, биыл тамыз айында француз императорының туғанына 250 жыл толады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Мәдениет, Әлем,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT