Францияда Макронға қастандық жасамақ болған алты адам ұсталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Францияның ішкі қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері ел президенті Эмманюэль Макронға шабуыл жасауды жоспарлаған алты адамды ұстады. Бұл туралы сейсенбі күні BFMTV телеарнасы хабарлады.

Оның мәліметтерінше, мәселе радикалды көзқарас жақтаушылары туралы болып отыр. Ұстау операциялары Изео, Иль және Вилен және Мозель департаменттерінде жүргізілген. 

Париж прокуратурасы қылмыстық топты құруда күдікті танылғандарға қатысты алдын ала тергеу амалдарын бастады. 

Соңғы жаңалықтар