Францияда күн сайын вирус жұқтырғандар саны 200 мыңға жетуі мүмкін

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Францияның Денсаулық сақтау министрі елде коронавирус ауруының жетінші толқыны күшейіп жатқанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ведомство басшысы күн сайын 120 мың жұқтыру жағдайы анықталатынын мәлімдеді. Бұдан әрі 200 мыңға дейін қосылуы мүмкін деп болжайды. Францияда COVID-19 пандемиясы басталғаннан бері вирусты жұқтырудың 30 миллионнан астам жағдайы тіркелді.


Фото: img.huffingtonpost.com
Соңғы жаңалықтар