Францияда құлаған тұрғын үй қирандысының астынан екі адамның денесі табылды

None
ПАРИЖ. ҚазАқпарат – Францияның оңтүстігіндегі Марсель қаласының орталығында опырылып құлаған төрт қабатты тұрғын үй үйінділерінен екі адамның денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат France24.com-ға сілтеме жасап.

Олар құтқарушылар із-түссіз жоғалған алты адамды іздеу кезінде, жарылыстан кейін шамамен 24 сағат өткен соң табылған.

Қызметкерлер кран мен шамдардың көмегімен құтқару жұмыстарын жүргізді, бірақ үйінділер астындағы жалын олардың жұмысына кедергі келтіріп, өрт сөндірушілердің иттерді пайдалануын қиындатты. Ғимарат қирандыларындағы жалынмен 100-ден астам өрт сөндіруші күресті.

«Ерекше қиындықтарға байланысты оқиға орнынан денелерді шығару уақытты алады. Шығарылғаннан кейін сот органы олардың кім екенін анықтауға кіріседі», - делінген өрт сөндіру бөлімінің қысқаша мәлімдемесінде.

Мәйіттер табылмас бұрын, жергілікті прокурор Доминик Лоуренс тілшілерге сегіз адамның «телефонға жауап бермегенін» айтқан.

Жарылыстың себебі әлі анықталған жоқ, бірақ тергеушілер оның газдың шығуынан болды деген нұсқаны қарастырып жатыр.


Соңғы жаңалықтар