+7 (701) 759 90 19
USD 389.75 EUR 434.26
RUB 6.12 CNY 55.05
Jańalyqtar

Францияда қазақтар тартысты көкпарды көрсетті

2019 жылғы 27 мамыр 01:02
Бөлісіңіз:
Францияда қазақтар тартысты көкпарды көрсетті

БРЮССЕЛЬ-ПАРИЖ. ҚазАқпарат - Жексенбі күні Қазақстанның көкпардан Жастар лигасы Франциядағы көрермендерге көкпар ойнауды көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

Қазақтың ұлттық спорты Парижден 50 шақырым қашықтықтағы Фонтенбло қаласында 25-26 мамыр күндері өткен «Табиғат және аңшылық» фестивалі аясында көрсетілді.

Көкпаршылардың тартысты ойыны фестивальдағы ең қызықты сәттердің бірі болды. Көрермендер ұлттық ойынның ерекшелігімен, шығу тарихымен танысты. Оларға бірқатар тактикалық әдіс пен техникалық машықтардың құпиялары түсіндірілді.

2002 жылдан бері өткізілетін фестиваль бағдарламасында көкпармен қатар, ит жүгіртіп аң аулау, садақ ату, атқа міну өнері, сұңқар салу, аңшылық кернейшінің байқаулары кірді.

Авторы Тимур Дүйсекеев

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Еуропа, Спорт,
Бөлісіңіз:

Аударма:

Жәнібек Амангелді

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT