Францияда қарағандылық суретші Кәріпбек Күйіковтің көрмесі өтуде

Фото:
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Францияда қарағандылық суретші Кәріпбек Күйіковтың көрмелері өтуде. Ол француз жұртшылығына ядролық қаруға қарсы тақырыптағы 17 картинасын және Қазақстанның пейзаждарын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық суретшінің экспозициясы Еуропа Кеңесі мен Страсбург қаласының университетінде, Қазақстанның Франциядағы Париждегі елшілігінде, сондай-ақ Сенатта (Люксембург сарайының ғимараты) болды. Әрі қарай ол Ренндегі қауымдастықтар үйінде ұсынылады.

«Әрине, алып жатқан әсерім зор, жаңа ел, жаңа кітап секілді. Мен Францияға алғаш рет келдім. Бұл менің арманым еді. Мен мұнда өз жұмысымды ұсына алғанымды және Қазақстанның, Семей полигонының тарихы туралы айтып беруге мүмкіндік туғанын мақтан тұтамын. Мені қолдап, осында келуге көмектескендердің барлығына шын жүректен ризамын. Менің денсаулығым мен мүмкіндіктерім болған кезде, әрқашан адамдарға антиядролық қозғалыс туралы айтатын боламын. Францияда біздің Семей полигоны болғанын көп адамдар білмеді. Қазіргі уақытта ядролық сынақтардың зияны мен салдары туралы көбірек айту керек», – дейді Кәріпбек Күйіков.

Суретшінің картиналары көрмеге келушілердің қызығушылығын тудырды.

Көбін қолсыз дүниеге келген Кәріпбектің өмір тарихы, сондай-ақ Семей полигонындағы ядролық сынақтардың басқа да құрбандарының өмірі туралы әңгімелера таң қалдырды.

Франциядағы Қазақстан елшілігі Кәріпбектің ауыр дерттен зардап шегуші қарағандылық Айкүміс Сәрсенге көмек ретінде жазған картиналарының бірін сатып алды. Суретші сәбидің отбасына сатудан түскен барлық қаражатты аудармақшы.

Mouvement de la paix бейбітшілік қозғалысының ұлттық хатшысы Ролан Ниве қазақстандық суретшіге картиналарды сатуда көмек көрсетуді ұсынды.

Қарағандылық өнерпаздың жұмыстары қозғалыстың цифрлық галереясында және қоғамдық бірлестіктің бутигінде ұсынылатын болады. Осылайша Француз пацифистері Кәріпбек Күйіков өзінің бүкіл саналы өмірін шығармашылық және белсенді азаматтық қызмет арқылы жүргізетін ядросыз әлемді сақтау үшін жүргізіп жүрген күресіне қолдау көрсеткісі келеді.

«Кәріпбек – бейбітшілік үшін осы тұрақты күресте табандылықтың нағыз символы. Мүмкіндік пайда болған бетте біз оны қуана шақырдық. Францияда ол бір уақытта ядролық сынақтардың құрбаны және бейбітшілік үшін күресуші ретінде ұсынылған. 1992 жылы Алматыда Невада – Семей қозғалыс комитетінің бірінші кездесуінде болдым. Ол менің әлемді өмір бойы қорғаудағы ұстанымымды анықтады», – деп атап өтті Ролан Ниве.

Францияда көрме ұйымдастыруға суретшіге Mouvement de la paix Әлем қозғалысы, Ренн – Алматы бауырлас қалалар комитеті, Қазақстанның Франциядағы Елшілігі және ҚР-ның Страсбургтегі Бас консулдығы көмектесті.


Соңғы жаңалықтар