Францияда бұзақылар жаңа жыл түнінде 940 көлікті өртеп жіберген

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Францияда бұзақылар жаңа жыл түнінде 940 көлікті өртеп жіберген.

Биылғы жылы өртенген көліктер саны өткен жылмен салыстырғанда жүз көлікке аз. Автомобильдер бүкіл Францияда өртелді, бірақ әдейі өртеудің ең көп оқиғасы Парижде, елдің шығысында, сондай-ақ Жоғарғы және Төменгі Рейн департаменттерінде тіркелген.

Тәртіп сақшылары тыныштықты бұзған 300 адамды ұстады. Бұл жолы құрбандарсыз болмады. Эйфель мұнарасына қарама-қарсы орналасқан саябақта төбелес болып, соның салдарынан 17 жастағы франциялық азамат пышақ жарақатынан қаза тапты, деп хабарлайды ТАСС.

Соңғы жаңалықтар