Францияда бұрынғы саясаткер мешіт алдында адамдарға оқ жаудырды

None
None
БАЙОННА. ҚазАқпарат – Францияда адамдарға оқ жаудырып, жергілікті мешітті өртемек болды деген күдікпен 84 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат The Guardian басылымына сілтеме жасап.

Байонна қаласында болған атыстан кейін 74 және 78 жастағы екі ер адам ауыр жараланды. Олар ауруханада жатыр.

Жергілікті полицияның мәліметінше, күдікті алдымен мешітке от қоймақ болған, мұнысын байқап қалған адамдарға қарай оқ жаудыра бастаған. Сөйтіп, машинасын өртеп, артынша ізін суытқан.

Күдікті Ландадағы үйінен 16 шақырым жерде ұсталды.

Reuters агенттігінің ақпаратына сәйкес, күдікті 2015 жылы Ландадағы жергілікті сайлауда Марин Ле Пеннің әсіре оңшыл «Ұлттық майдан» (қазіргі Ұлттық бірлестік) партиясына кандидат болған. Әрі сайлаудың алғашқы турында 18% дауыс жинаған.

Ұлттық бірлестік өкілдері де мұны растап отыр. Бірақ партияның идеясын ұнатпағандықтан, партиядан кетіп қалған.

Франция Президенті Эмманюэль Макрон мешітке жасалған шабуылды қатаң айыптап, «мұсылман азаматтарды қорғайтынын» мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар