Францияда белгісіз біреулер мешіттен шығып келе жатқан адамдарға оқ атты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Францияның Авиньон қаласындағы (елдің оңтүстік шығысы) мешіттің маңында болған атыс кезінде кемінде 8 адам зардап шекті. Бұл туралы La Provence басылымына сілтеме жасап ТАСС хабарлайды.

БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, бетіне бетперде киген екі адам мешітке келіп, ғимараттан шығып жатқан адамдарға оқ жаудырған. Оқиғаның салдарынан көшеде жүрген 4 адам мен сол маңайда тұратын отбасының мүшелері зардап шекті.

Оқиға орнына құқық қорғау қызметкерлері жетті. Оқ атқандар ізін суытып үлгерді.

Соңғы жаңалықтар