Францияда Бастилияны алатын күні 845 көлік өртелген

None
None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - 13-14 шілдеде Францияда Бастилияны алу күнін мерекелеу кезінде 845 көлік өртеніп, 508 адам ұсталған. Бұл туралы жексенбі күні кешкісін елдің ішкі істер министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап. 

ІІМ дерегі бойынша, жағып жіберілген көліктер саны былтыр 897 машина болған. Алайда, ұсталушылар саны 2017 жылы 368 болса, биыл 508 адамға жеткен.

Ішкі істер министрлігінің ақпартына сәйкес, екі түнде 29 полиция қызметкері жарақат алған. Бұл өткен жылғыдан 8 тәртіп сақшысына көп.

14 шілдеде мерекелік іс-шаралар кезінде және Мәскеудегі футболдан Әлем чемпионатында Франция командасы жеңіске жеткен күні 110 мың полицей мен жандарм жұмылдырылған.

Соңғы жаңалықтар