Францияда «Әлем» атты қазақтардың жаңа қауымдастығы құрылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Париж қаласында өтіп жатқан «Еуропа қазақтарының кездесу-құрылтайында» қазақтардың «Әлем» атты жаңа қауымдастығы құрылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Отандастар қоры» қоғамына сілтеме жасап.

Қауымдастықтың ашылу салтанатына ҚР Франциядағы төтенше және өкілетті елшісі Жан Галиев пен «Отандастар қоры» КЕАҚ Президенті Абзал Сапарбекұлы қатысып, алдағы жоспарларына сәттілік тіледі.

Қауымдастықтың мақсаты – қазақтың ұлттық құндылықтарын дәріптеп, атамекен Қазақстанмен байланыстарды нығайту.

Өткізіліп жатқан шараға «Әлем» қауымдастығының төрайымы Имашева Зульфат Гильзакри мен вице-президенті Майра Скакова қатысты. Қауымдастық басшысы З. Имашова шетелге кетіп, есімдері ұмытылған қазақ жұлдыздарын халыққа таныту мен қайтадан жаңғырту – қауымдастықтың басым бағыттарының бірі болатындығын айтты.


Соңғы жаңалықтар