Францияда альпинистерден құтқару және жерлеу рәсіміне депозит алу ұсынылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сен-Жерве-ле-Бен мэрі Монблан биігіне көтерілгісі келетін альпинистерге 15 мың еуро депозит төлеуді міндеттеуді ұсынды. Оның 10 мыңы – құтқарушылар қызметі, ал 5 мыңы – жерлеу рәсімі қажет болған жағдайда алынбақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап.

Жергілікті билік дайындығы нашар және қауіп туралы ескертулерге қарамастан жаздың ыстығында тауға шығатын туристермен осылай күреспек.

«Бұл – назар аударту тәсілі. Ережені бұзатындар бар кезде, оның салдары да болатынын әркім білуі керек. Олар қайғылы жағдайға ұшырауы мүмкін, ал құтқарушылар оларды аман алып қалуға немесе денелерін іздеуге шығады», - дейді Сен-Жерве-ле-Бен коммунасының мэрі Жан-Марк Пейекс.

Айтуынша, мұндай ой румыниялық саяхатшылар тобы үстілеріндегі шорты, кроссовки және сабан қалпақпен Еуропаның ең биік нүктесіне шықпақ болған кезде туындаған.

Осы жаздағы аптап ыстықтан таудан ірі тастар құлап, көшкін жүрген. Тау басына шығуға ресми түрде тыйым салынбаған, бірақ аймақтағы кәсіби гидтер кемінде 15 тамызға дейін туристерді тауға шығаруды тоқтатты.




Фото: ru.euronews.com


Соңғы жаңалықтар