Францияда АЭС-тің салқындатылмаған суын өзендерге төгуге рұқсат берілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парижде атом станцияларының әлемдік энергетикалық дағдарыс жағдайында электр энергиясын үздіксіз өндіруді жалғастыруы абсолютті басымдық болып саналады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еuronews-ке сілтеме жасап.

Елдің оңтүстік бөлігінде орналасқан бес АЭС-ке екінші айға созылған аптап ыстық пен құрғақшылыққа байланысты температурасы нормадан жоғары суды өзендерге төгуге рұқсат етілді.

Жергілікті Гаронна өзеніндегі судың 28 градусқа дейін ысығанын алға тартқан окситандық Гольфештегі табиғат қорғау қауымдастығының мүшелері бұған алаңдаулы.

«Температурасы 30 градустан астам су өзенге құйылғанда, ондағы оттегінің мөлшері әлдеқайда төмендейді. Ал, балықтарға оттегі керек, онсыз тіршілік ете алмайды», - дейді қоршаған ортаны қорғаушы Жан-Луи Дюпэн.

Әзірге АЭС-терге берілген рұқсат мерзімі 11 қыркүйекке дейін созылмақ. Франция билігі мұның себебін жазда «бейбіт атом» қуатын пайдаланып, газ және өзге де энергия түрлерін оңайға соқпау қаупі бар күз бен қысқа сақтау қажеттігі туралы ұйғарыммен түсіндіреді.

Сондай-ақ, елдің экология саласына жауапты министрлік АЭС сулары төгіліп жатқан өзендердегі флора мен фауна жіті қадағаланатынын айтады.



Фото: ru.euronews.com





Соңғы жаңалықтар