Франция жұртшылығы вакцинацияның баяу қарқыны үшін ел үкіметін сынады

None
None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Француз билігі халықты Covid-19-ға қарсы вакцинациялау үдерісінің баяу қарқыны үшін сәрсенбіде сынға ұшырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

Француз бұқаралық ақпарат құралдары Еуропалық Одақтың «Pfizer-BioNTech» препаратымен вакцинацияға ресми түрде рұқсат бергеніне бес күн болғанына қарамастан, екпе алған адамдардың саны ЕО-ның басқа елдеріндегідей жоғары емес екенін хабарлайды.

Алғашқы үш күнде вакцинаны 100-ден аз адам алған деп хабарлайды. Ал Германияда 42 мың адам вакцинацияланған. Бұл статистика Үкіметтің вакцинацияға сақтықпен қарау мүмкіндігін көрсетеді.

ЕО-дан үш апта бұрын Pfizer-BioNTech вакцинасын салдыруды бастаған Ұлыбритания қазірдің өзінде жүз мыңдаған адамға вакцина егіп үлгерді. АҚШ-та препаратты 1 миллионнан астам адам қабылдады.

Париждегі Жоржа Помпиду ауруханасының жедел қызметінің басшысы Филипп Жювен Францияда ұлттық вакцинация стратегиясы әзірге жоқ деп санайды.

«Адам ретінде мен вакцинацияланып, үлгі көрсетіп, адамдарға вакцинадан емес, COVID-19-дан өлетінімізді көрсеткім келеді», - деді дәрігер жергілікті БАҚ-қа.

Сауалнамалар көрсеткендей, француздардың тек 40 пайызы ғана вакцина алғысы келеді.

Сейсенбіде Ұлттық телеарнадан сөйлеген елдің Денсаулық сақтау министрі Оливье Веран Франциядағы вакцинацияның неғұрлым өлшенген қарқынын қорғап, «шенеуніктерге адамдарды вакцинация идеясына итермелеу үшін уақыт қажет» деп мәлімдеді.

«Бұл жұмысты бастауға біраз уақыт кетеді», - деді ол.

Арнұр Рахымбеков


Соңғы жаңалықтар