+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Франция жемқорлықпен қалай күресіп жатқанын елордадағы конференцияда айтты

2019 жылғы 10 желтоқсан 13:40
Бөлісіңіз:
Франция жемқорлықпен қалай күресіп жатқанын елордадағы конференцияда айтты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада өткен V жыл сайынғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы конференцияда Франция мамандары парақорлықпен күрестегі тәжірибелерімен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
«Сыбағаға» бөлінген миллиондарды талан-таражға салған шаруа қожалықтары анықталды Алаяқтар елімізге миллиардтаған шығын әкеледі Бұрынғы Денсаулық сақтау вице-министрі 500 млн теңгені талан-таражға салды деп айыпталып отыр

Францияның Қазақстандағы Елшісі Филипп Мартинэнің айтуынша, 2020 жылдың басында Қазақстан мен Францияның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтері ұзақмерзімді ынтымақтастық туралы келісімге қол қоюды жоспарлап отыр.

«Бізде қазақстандық әріптестерімізбен ынтымақтастықты жалғастыратын Ұлттық судьялар мектебінің делегациясы бар. Бұл – бір жылдық мәселе емес, ұрпақ мәселесі, алдын алу мәселесі деп ойлаймыз. Және адамдарды балалық шағынан бастап өзгерту керек. Бұл – бәріне ортақ құбылыс», - деді Филипп Мартинэ конференция шеңберінде тілшілерге берген сұхбатында.

Сондай-ақ, елші Франция жемқорлықпен қалай күресіп жатқандығынан мысалдар келтірді.

«Біз заңнаманы (сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша) қатаңдаттық. Министрлер Кеңесіндегі барлық адамдар өздерінің әрекеттері туралы толық есеп беруге мәжбүр етілді. Олар лауазымға тағайындалған кезде және жұмыстан босатылғаннан кейін ешқандай ақша алмағанын дәлелдеп, есеп береді. Францияда әр министрлікте шенеуніктерге қатысты ережелер мен ұсыныс жазатын адамдар бар, бұл олардың заңға құрметпен қарауына себепші болады. Мысалы, Франция СІМ-де құны 300 еуродан асатын сыйлықтарды қабылдауға тыйым салынады. Егер мен оны алсам, оны қайтарып, қайтарғаным туралы куәлікке қол қоюым керек», - дейді ол.

Ал Францияның Жемқорлыққа қарсы қызметінің өкілі Манюэль Фара елде парақорлық мәселесі әлі де барын айтты.

«Қабылданған шараларға қатысты нақты нәтиже бар екені туралы айту қиын. Егер рейтингілік деректерге көз жүгіртетін болсақ, соңғы 10 жылда жағдайдың жақсару үрдісі байқалды. Франция бүгінде барлық елдер арасында (сыбайлас жемқорлық жөнінен) 20-орында тұр. Біз барлық мемлекеттер үшін схемалар ортақ екеніне көз жеткіздік. Бұл, мемлекет қаражатын ұрлау, ақшаны заңдастыру және шетелге ақша аудару кезінде көрінеді. Сондықтан, күрестің жалпы ортақ әдістері бар», - дейді ол.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT