Франция тарапы Қазақстан азаматтары үшін визасыз тәртіпті енгізу мәселесін қарастыруда - Ф. Олланд

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Франция тарапы Қазақстан азаматтары үшін визасыз тәртіпті енгізуді жоққа шығармайды. Бұл туралы бүгін Ақордада Елбасы

Нұрсұлтан Назарбаевпен келіссөздерден кейін тілшілер сауалына жауап беру кезінде Француз Республикасының Президенті Франсуа Олланд мәлім етті. «Иә, біз бұл бағытта жұмыс істеп жатырмыз және тиісті пікір алмасулар жүріп жатыр. Әрине, біз туристердің көптеп келуін қалаймыз, сондықтан да жеңілдетілген әкімшілік рәсімдерді қамтамасыз етуіміз қажет», - деді Ф. Олланд.

Сөз соңында Франция басшысы Қазақстан үшін визасыз тәртіпті іске қосу дұрыс қадам екендігін, алайда оны жүзеге асыруға әлі жетпегендіктерін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар