Франция спортшылары қысқы Олимпиадаға бармауы мүмкін

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Франция құрамасы егер спортшылардың қауіпсіздігіне кепілдік берілмейтін болса, 2018 жылы Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтетін қысқы Олимпиада ойындарына бармайды. 

Бұл жайлы Франция спорт министрі Лора Флессель мәлімдеді.

Егер дағдарыс күшейіп, «қауіпсіздік кепілденбесе, француз командасы үйде қалады», - деген министрдің RTL радиостанциясында сөйлеген сөзін келтіреді Reuters. 

КХДР қыркүйекте ядролық сынақтар өткізді және тағы бір баллистикалық зымыранын ұшырды. Ол Жапонияның солтүстігіндегі Хоккайдо аралының үстінен ұшып өтіп, Тынық мұхитқа барып құлаған. Пхеньянның арандатушылық әрекетіне жауап ретінде БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі осы елге қарсы қатаң санкциялар көзделген қарар қабылдады.

Пхенчхандағы 2018 жылғы қысқы Олимпиада ойындары 9-25 ақпан күндері өтеді.

Соңғы жаңалықтар