Франция Сириядан 51 әйел мен баланы қайтарды

None
Фото: pexels.com
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Франция билігі сейсенбі күні Сириядағы қоныс аударылғандарға арналған лагерьлерден кәмелетке толмаған 35 бала мен 16 әйелді қайтарды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

Францялық БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, сейсенбі күні республиканың жаңа үкіметі қалыптастырылғаннан кейін бірнеше сағаттан соң, сыртқы істер министрлігі Францияның «Ислам мемлекеті» тобының лагерьлерінде жатқан 35 баланы ұлттық аумаққа қайтару жұмыстарын бастағанын хабарлады.

Бұл 2015 жылдың 16 қарашасында Францияда террористік акт жасамақ болған «Ислам мемлекеті» тобының «халифаты» 2019 жылы құлаған соң балалар мен әйелдерді жаппай көшіруге бағытталған алғашқы іс-шара болып отыр.

Францияның Ұлттық терроризмге қарсы прокуратурасының мәлімдемесіне сәйкес, елге қайтарылған 35 баланың 7-уінің жанында оларды алып жүретін ересектер адамдары болмаған. Ал 22 мен 39 жас аралығындағы 16 әйелдің төртеуі балаларымен қайтуға келісімін берді, 12-сі балаларымен бірге қайтты. Олардың барлығында Франция азаматтығы бар, тек екеуінің ғана балалары француз.

Еуропаның көптеген елдері өз Отандарынан бас тарта ма деген қауіппен әйелдер мен балаларды елге қайтаруға асықпаған еді.

«Ислам мемлекеті» ұйымының Сириядағы әрекеттеріне қатысқан көптеген азаматтар 2015 жылдан бері бірқатар шабуылдардан зардап шекті, олардың көбін өлтіріп те кетті. Сол себепті олар елге қайтуға құлықсыз еді.

Франция билігі «Ислам мемлекеті» ұйымы жағында соғысқан ересек ер адамдар мен әйелдердің сол қылмыс жасаған елінде жауапқа тартылуы керектігін талап етті.

Билік сонымен қатар жекелеген істер бойынша, азаматтар мен олардың балаларының елге қайтарылуын қолдады. Бұл әрине, өте ұзаққа созылатын қиын процедура болатын және ол құқық қорғаушылар тарапынан де көп сынға ұшырады.


Соңғы жаңалықтар