Франция президентінің АҚШ-қа сапарының мақсаты неде - америкалық сарапшылар ой бөлісті

None
ВАШИНГТОН. ҚазАқпарат – АҚШ сарапшылары Франция Президенті Эмманюэль Макронның АҚШ-қа сапарының мақсаты туралы ой бөлісті.

Жергілікті сарапшылардың пайымдауынша, Э. Макронның батыстағы коалицияның ішінде шиеленіс өршіп тұрғанына қарамастан АҚШ-қа шақырту алғаны, екі елдің ресми тұлғалары Францияны АҚШ-тың ежелгі одақтасы ретінде қабылдайтынын көрсетеді.

Францияның әлемдік аренадағы, әсіресе АҚШ-тағы жоғары беделі Э. Макронның халықаралық бастамаларды көтеруімен байланысты болса керек. Бұл бастамалар оны G7, NАТО және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі сияқты ұйымдардың көшбасшысына айналдырған.

Ақ үйдің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі өкілі Джон Кибри Францияның кейінгі бір жылда ұлттық қауіпсіздік мәселелерінің ортасында болғанын еске салды. Айтуынша, бұл америкалықтар мен олардың одақтастарының қауіпсіздігі үшін өте маңызды.

АҚШ-тағы бизнес ортаның сарапшысы француз көшбасшы күн тәртібіне шығарған мәселенің негізгісі экономика саласымен байланысты екенін айтады.

Атап айтсақ, Францияны АҚШ-тың «Инфляцияны төмендету туралы» және «Чиптер мен ғылым туралы» федералдық заңдары алаңдатып отырған көрінеді. Франция тарапының пайымынша, бұл еуропалық өндірушілерге әркелкі бәсеке жағдайын туындатады. Сарапшы Э. Макрон Дж. Байденді осы заңдардың Еуродаққа қатысты талаптарын жұмсартуға күш салады.

Мысалы, «Инфляцияны төмендету туралы» заң таза энергетика саласы мен электромобильдер өндірісінде жұмыс істейтін америкалық кәсіпорындарға 430 млрд доллар көлемінде субсидия мен салық жеңілдіктерін көздейді. Ал, «Чиптер мен ғылым туралы» заң АҚШ-та өндіріс ошағын ашқысы келетін немесе бұрыннан бар өндірісті кеңейткісі келетін жаһандық компанияларға 52 млрд доллар көлемінде субсидия мен салық жеңілдіктерін беруді көздейді. Бұл өзгерістер пакеті еуропалық өндірушілерді тиімсіз етіп қана қоймай, Еуропаға тартылатын инвестициялардың тартымдылығын әлсіретуі мүмкін.

Сарапшының бағалауы бойынша, бұл мәселе қаншалықты күрделі болғанына қарамастан, тараптар екі жаққа да тиімді шешім тауып, сауда соғысына дейін жеткізбеуі керек.

Франция тарапы үшін тағы бір өзекті проблема бар. Ол – көмірсутек бағасы және америкалық энергия ресурстарына деген бағаның құнын төмендету мүмкіндіктерімен байланысты мәселе.

Сарапшы тараптар көмірсутек бағасын төмендетудің балама жолдарып іздеп, Оуроодақты энергетикалық дағдарыстан алып шығатын жаңа ресурстар табуға күш салады деп топшылайды.

Вашингтондағы «Second Floor Strategies» консалтингілік фирмасының президенті, қорғаныс және геосаясат мәселелері жөніндегі сарапшы Уайлдер Алехандро Санчестің айтуынша, Байден мен Макрон Еуроодақтың энергетикалық қауіпсіздігін талқылайды. Өйткені, Еуропа елдері балама жеткізушілерді іздеп отыр.

У. Санчес те, Дж. Кибри де Байден мен Макронның әңгімесіне Кавказ бен Орталық Азия елдерінің жағдайы да өзек болатынын атап өтті. Нақтырақ айтсақ, жаңа энергетикалық ресурс көзін іздеп отырған Еуропа үшін «Орта дәліз» (Транскаспий халықаралық көлік маршруты) жобасы қызықты.

Екі сарапшы да АҚШ пен Францияның Қытайға келгенде көзқарасы екі түрлі екенін айтып отыр. Бизнес орта сарапшысының сөзінше, Франция жағы АҚШ-қа қарағанда Қытай тақырыбын келіссөздің күн тәртібіне шығаруға құлықсыз. Ал, У. Санчес Қытай мәселесінде бір кездесудің негізінде ортақ шешімге келу мүмкін емес екенін айтады. Дегенмен, екі ел де Қытаймен сауда жасауға мүдделі. Қытайдың ірі көлемдегі инвестициясымен бірге, алып нарығына жол табу екі ел үшін де маңызды. Бірақ, Бейжіңнің жаһандық дәмесі мен өңірдегі ықпалы Батысты алаңдатпай қоймайды.

Осылайша, қос сарапшы да Франция Президентінің АҚШ-қа жасайтын сапары тараптардың сыртқы саясаттың кейбір мәселелері бойынша ұстанымы әркелкі болғанына қарамастан, одақтастық байланыстары мығым екенін паш етуге бағытталған.

Бұған дейін Еуроодақтың Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамытуға инвестиция салуды жоспарлап отырғаны туралы хабарланған болатын.

Еске салсақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Францияға жасаған ресми сапары кезінде бірнеше маңызды құжатқа қол қойылған болатын. Олар:

1. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі мен Францияның Еуропа және Сыртқы істер министрлігі арасындағы Жамбыл облысында қуаты 1 ГВт жел электр станциясын (ЖЭС) салу туралы Үкіметаралық келісім;

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен «Alstom Holdings SA» компаниясы арасындағы Қазақстан Республикасында электровоздарды және жылжымалы құрам мен теміржол көлігінің инфрақұрылымына арналған жабдықтарды өндіру және оларға сервестік қызмет көрсету бойынша жобаларды іске асыру жөніндегі базалық қағидаттар туралы келісім;

3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен «Synetics» компаниясы арасындағы генетикалық орталық құру жөніндегі ынтымақтастық туралы келісім;

4. «АХҚО» АҚ мен «Paris Europlace» арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

5. «Самұрық-Қазына» АҚ мен «Total Eren S.A.» арасындағы негізгі шарттар туралы келісім;

6. «ҚМГ» ҰК» АҚ мен «Air Liquide Eastern Europe S.A.» компаниясы арасындағы ынтымақтастық және қаржыландыру туралы келісім;

7. «ҚМГ» ҰК» АҚ мен «Air Liquide Eastern Europe S.A.» компаниясы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

8. «Kazakh Invest» ҰК» АҚ мен «Total Eren S.A.» арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;

9. «Qazaq Gaz ҰК» АҚ мен «France Hydrogene», «Medef International» компаниялары арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;

10. «QazaqGaz» ҰК» АҚ мен «Technip Energies N.V.» арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

11. «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен «ALSTOM Transport SA» арасындағы ынтымақтастық туралы келісім;

12. «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен Société Générale арасындағы негізгі шарттар туралы келісім;

13. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ мен «Orano Group» компаниясы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;

14. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ мен «I2EN» компаниясы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

15. «QazBioPharm» Ұлттық холдингі» АҚ мен «Boehringer Ingelheim Animal Health France» компаниясы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;

16. «Назарбаев Университет» пен «Université de Lorraine», «Total Energies», «Alstom», «Air Liquide» компаниялары арасындағы бірлескен мәлімдеме;

17. «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ мен «Soufflet Group» компаниясы арасындағы ынтымақтастық туралы келісім;

18. «Жасыл Даму» АҚ мен «Syctom» тұрмыстық қалдықтарды жою жөніндегі Париж агенттігі арасындағы ынтымақтастық туралы келісім;

19. «Жасыл Даму» АҚ мен «Vicat» компаниясы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;

20. «КазБитумСервис» ЖШС мен «Soprema» компаниясы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;

21. «Schneider Electriс» ЖШС мен «Schneider Electric Kazakhstan» арасындағы ынтымақтастық туралы келісім;

22. «Оркен Алем» ЖШС мен «Safran» компаниясы арасындағы келісім;

23. «Қарағанды-Бекіре» ЖШС мен «Caviar House Premier» және «Swiss Choice Holding SA» компаниялары арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;

24. «Magnetic Oil» мен «Total Energies» арасындағы үлесті сатып алу және сату шарты;

25. «Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF)» пен «Proparco» арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

26. Қазақстан Республикасы Энергетика министрі мен Франция Республикасының Энергетикалық ауысу министрі арасындағы атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастық жөніндегі ниет туралы декларация;

27. Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы техникалық ынтымақтастыққа қатысты өзара түсіністік туралы меморандум;

28. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі және Француз Республикасының Еуропа және сыртқы істер министрі арасындағы Жоғары білім және ғылыми зерттеулер саласындағы ынтымақтастыққа қатысты ниет білдіру декларациясы;

29. Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) және Францияның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі арасындағы Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және онымен күрес саласындағы ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік меморандум;

30. Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы (Қазақстан Республикасы) мен Ұлттық кинематография және анимация ұлттық орталығы (Франция Республикасы) арасында серіктестік орнату туралы келісім;

31. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға өзгерістер енгізу туралы хаттама;

32. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы Жаһандық жылынуға қарсы күрес саласындағы ынтымақтастықты іске асыру туралы арнайы келісім;

33. С. Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті және Страсбург университеті арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;

34. ҚазҰУ мен Лотарингия университеті арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;

35. ҚазҰУ мен Реймс университеті арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум.


Фото: SHAWN THEW/EPA


Соңғы жаңалықтар