Франция президенті зейнетақы реформасы туралы заңға қол қойды

Фото: Фото: Ludovic Marin, Pool via AP
ПАРИЖ. ТАСС – ҚазАқпарат - Франция президенті Эммануэль Макрон зейнетақы реформасы туралы заңға қол қойды, құжат сенбі күні Франция Республикасының ресми газетінде жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС-қа сілтеме жасап.

«Осылайша, Әлеуметтік қамсыздандыру кодексіне өзгеріс енгізілді (...) Бірінші бөлімдегі «алпыс екі» деген жері «алпыс төрт» деген сөзбен ауыстырылды», - делінген құжат мәтінінде.

Бұл жұма күні Францияның Конституциялық кеңесі зейнетақы реформасын ішінара заңды деп танып, зейнеткерлікке шығудың ең төменгі жасын 62-ден 64 жасқа дейін көтеру туралы негізгі бапты мақұлдағаннан кейін болып отыр.

Жұма күні республиканың Конституциялық кеңесі зейнетақы реформасының негізгі ережелерін мақұлдағаннан кейін Францияның бірқатар қаласында наразылық демонстрациялары өтіп, оның соңы тәртіпсіздік пен полицейлермен қақтығысқа ұласты.

Соңғы жаңалықтар