Франция президенті мен Еуропалық комиссия басшысы Қытайға барады

None
Фото: Antoine Gyori/Corbis via Getty Images
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Франция президенті Эмманюэль Макрон мен Еуропалық комиссия президенті Урсула фон дер Ляйен Қытай Халық Республикасына барады, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

Президент Э. Макрон сәрсенбіде Бейжіңге үш күндік мемлекеттік сапармен барды.
Бірінші күні ол Бейжіңдегі Франция елшілігінде Қытайдағы француз қауымдастығына үндеу жасады. Оның жолдауының мәні: Шығыс пен Батыс арасындағы шиеленіс үнемі артып келе жатқан әлемде Еуропа өзін Қытайдан оқшаулай алмайды. Франция басшысы Қытаймен диалог жүргізу қажет деп санайды.
Бейсенбіде Э. Макрон мен Еурокомиссия басшысы У. Ляйен ҚХР төрағасы С.Цзиньпинмен кездесу өткізеді.
Бүгін француз көшбасшысы француз музыканты Жан-Мишель Джаррмен және режиссер Жан-Жак Анномен бірге Қытайдағы ең ірі шетелдік фестиваль саналатын «Croisements»-тің ашылуына қатысады.


Соңғы жаңалықтар