Франция парламенті үкіметке сенімсіздік білдіру туралы партияаралық вотумнан өте алмады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Франция парламенті үкіметке сенімсіздік білдіру туралы партияаралық вотумнан өткен жоқ. Бұл мәлімдемеге 278 депутат дауыс берсе, оны қабылдау үшін 287 дауыс қажет, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews арнасына сілтеме жасап.

Былтырдан бері Францияда зейнет жасын өзгертуге қарсы жаппай наразылық шерулері өтіп жатыр. Халықтың ең ұзақ наразылығына қарамастан, зейнетақы реформасы осы жылдың 16 наурызында қабылданды.

Премьер-министр Элизабет Борн Конституцияның парламентті айналып өтетін заңды шұғыл қабылдауға мүмкіндік беретін нормасын пайдалану туралы шешімінен кейін әртүрлі фракциялардың өкілдері үкіметті отставкаға жіберу мәселесін қолдады. Осылайша ол зейнетақы реформасы туралы пікірталасқа нүкте қойып, қарсыластарын даулы бастаманы парламенттік әдістермен қабылдауға жол бермеу мүмкіндігінен айырды.

Оның айтуынша, конституцияның 49-бабының 3-тармағына сәйкес, зейнеткерлік жасты 62-ден 64-ке дейін ұлғайтуды көздейтін заң жобасының барлығын үкімет өз мойнына алады.

Euronews хабарлағандай, тағы бір сенімсіздік вотумы Ұлттық ассамблеяның алдында, бұл жолы оңшыл «Ұлттық жиналыс» ұсынған. Бұл өтініш те қабылданбаған болса, бұл зейнетақы реформасын бұл деңгейде тоқтату мүмкін емес дегенді білдіреді.

Солшыл партиялар реформаны басқа жолмен тежеуге тырысуда. Ұлттық ассамблея спикері дүйсенбі күні коммунистердің зейнетақы заңнамасы бойынша референдум ұйымдастыру туралы өтінішін Конституциялық кеңестің қарауына ұсынғанын хабарлады. Плебисцит өткізу үшін депутаттар мен сенаторлардың кемінде 1/5 бөлігінің, сондай-ақ 5 миллионға жуық сайлаушының қолдауын алу қажет.

Соңғы жаңалықтар