+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Франция пандемияның жаңа толқынының алдын алу үшін вакцинация қарқынын күшейтеді

2021 жылғы 12 шілде 10:46
Бөлісіңіз:
Франция пандемияның жаңа толқынының алдын алу үшін вакцинация қарқынын күшейтеді

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Францияның Денсаулық сақтау министрі Оливье Веранның айтуынша, республикада коронавирус пандемиясының жаңа толқыны басталып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оливье Веран Франция радиосына берген сұхбатында шілде айынан бастап елде вирус жұқтыру оқиғаларының саны қайта өсіп жатқанын, бірақ COVID-19 диагнозы қойылған пациенттерді ауруханаға жатқызу көрсеткіші әзірге төмендеп отырғанын мәлімдеді.

Франция ауру жұқтыру өсімін COVID-19 дельта штамының таралуымен байланыстырып отыр.

«Егер осындай үрдіс сақталса, бұл ауруханаға жатқызу көлемінің өсіміне әкеледі», - деп ескертті министр Оливье Веран.

Франция билігі пандемияның жаңа толқынының жақындауын бәсеңдетіп, қатаң карантинді болдырмас үшін тұрғындарды вакциналауды тездету қажет деп санап отыр.

Бүгін Франция президенті Эмманюэль Макрон қорғаныс кеңесінің отырысын өткізіп, онда денсаулық сақтау саласы қызметкерлерін міндетті вакциналау мәселесі ортаға салынады.

10 шілдеде Францияда COVID-19 вирусын жұқтырудың 4696 жаңа фактісі тіркелген, бұл бір апта бұрын тіркелген көрсеткіштен (3006) бір жарым есе көп.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Туғанбаева

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT