Франция мен Италиядағы тасқын: үйлер мен көпірлер су астында қалды

None
None
ЛИОН. EURONEWS. ҚазАқпарат - Францияның оңтүстігі мен Италияның солтүстігінде су тасқыны салдарынан кем дегенде төрт адам құрбан болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews агенттігіне сілтеме жасап.

Құтқарушылар із-түссіз жоғалған ондаған адамды іздестіруде. Іздеу жұмыстарына әскери қызметкерлер, өрт сөндірушілер жұмылдырылған, Франция билігі көмек ретінде төрт тікұшақ жіберді.

Италияның Пьемонт және Лигурия аймақтарының билігі үкіметтен төтенше жағдай режимін енгізуді сұрап отыр.

Соңғы жаңалықтар