Франция құрамасының қақпашысы Уго Льорис Мануэль Нойердің жетістігін қайталады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қатарда футболдан өтіп жатқан әлем чемпионатында Франция құрамасының капитаны әрі қақпашысы Уго Льорис өз командасын Мароккомен матчқа бастап шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл У.Льористің әлем чемпионаттарындағы 19-ыншы ойыны еді.

Осылайша, Льорис Германия құрамасының қақпашысы Мануэль Нойердің жетістігін қайталады. М.Нойер де дүниежүзілік біріншілікте 19 матч өткізген болатын.

Льорис тағы бір германиялық Зепп Майер мен бразилиялық Клаудио Таффарелдің көрсеткішінен асып түсті. Олардың есебінде 18 бәсекеден бар.

2018 жылы әлем чемпионы атанған Уго Льорис бүгін Франция құрамасы сапында 144-інші рет алаңға шықты.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Уго Льористің өз елінің рекордын жаңартқанын, Аргентина құрамасының финалға шыққанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Месси әлем чемпионаттарында Аргентина құрамасының үздік сұрмергені атанды.

Үздік ойыншы Месси әлем чемпионаттарының рекордын орнатты.


Соңғы жаңалықтар