Франция коронавирусқа қарсы вакциналау стратегиясын өзгертті

None
None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Бүгін Францияның Денсаулық сақтау министрі Оливье Веран ұлттық вакциналау стратегиясына енгізілген өзгерістер туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Франция үкіметін соңғы кездері халықты вакциналау үдерісінің сылбырлығы үшін жергілікті қоғамдастық қатты сынап жүр. Қарттар үйіндегі азаматтарды вакциналауды қарастыратын бірінші фазаны денсаулық сақтау министрлігі тым баяулатып жіберді.

Ведомство өкілдері вакцина дозасын жібермей тұрып, мекемелерден екпе алғысы келетін азаматтардың тізімін жіберуді сұраған. Қарттар үйі тұрғындарының келісімін алумен байланысты жағдайдың күрделеніп кетуі, вакцина алдындағы медициналық тексерулер де бұл үдерісті тежей түсті.

«Көп адамдардың вакцина алуға деген құқығы кеңейеді, тіркеу процедуралары да жеңілдейді»,-деді Франция телевизиясының эфирінде Денсаулық сақтау министрі.

Енді Францияда препаратты үйден қызмет көрсететін медицина мамандары мен 50-ден асқан өрт сөндірушілер де ала алады. Бұған дейін осы категориядағы азаматтар Франциядағы бесдеңгейлі вакциналау жоспарының екінші бөлігіне кірген.

«Вакцина алған азаматтар саны алдағы бірнеше күнде біздің көршілерімізді басып озады»,-деді О.Веран.

Оның сөзінше, аптаның ортасына таман тағы 100 аурухана вакциналауға дайын болады, сондай-ақ 100 вакциналау орталығы биылғы жылдың қаңтарында ашылады.


Арнұр Рахымбеков


Соңғы жаңалықтар