Франция Қазақстандағы тау шаңғысы спорты мен туризмін дамытуға септеседі

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Франция Қазақстандағы тау шаңғысы спорты мен туризмін дамытуға ынталы. Осы бағыттағы өзара ынтымақтастық туралы келісімге «Сluster montagne Mountain Development France» үкіметтік емес ұйымының директоры Роберт Бенойт пен «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортының басшысы Есет Ешпанов қол қойды.

«Аталған келісім Қазақстандағы тау шаңғысы спортының дамуына үлкен серпін береді. Франция әлемде ең көп турист қабылдайтын ел қатарында. Соңғы 10 жылда «Сluster montagne Mountain Development France» тек Франциядағы емес, сондай-ақ өзге елдердегі спорттың дамуына ерекше көңіл бөліп келеді. Мен жыл сайын Алматыға келемін. Мұнда тау шаңғысы спорты қандай жоғары дәрежеде дамып келе жатқанын көріп келемін», - деді Р.Бенойт.

Шетелдік қонақ Оңтүстік астананың 2022 жылғы Қысқы Олимпиадалық ойындарды өткізуге үлкен мүмкіндігі бар екендігін айтты.

«Бізде тау туризмінің дамуына бар жағдай жасалған. Францияның озық үлгісі Қазақстанда ірі спорттық сайыстарды өткізуде баға жетпес тәжірибе болмақ», - деді Е.Ешпанов.

Соңғы жаңалықтар