USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Франция Google және Amazon-ға 135 миллион еуро айыппұл салды

2020 жылғы 11 желтоқсан 10:02
Бөлісіңіз:
Франция Google және Amazon-ға 135 миллион еуро айыппұл салды

ЛИОН. ҚазАқпарат – Информатика және азаматтық бостандықтар жөніндегі француз комиссиясы Google және Amazon америкалық интернет-компанияларына айыппұл салды.

Ұқсас жаңалықтар
Психикасы зақымдалған адамдар арасында коронавирустан өлім 5 есе жоғары - мамандар Израиль 18 жастан асқан қауіп тобындағы адамдарға вакцинаның 4-дозасын мақұлдады Украиналық сарбаз қарудан оқ жаудырып, 5 адамды өлтірді, 5-еуі жарақаттанды

Бұған пайдаланушылардың жеке ақпараты бар cookie файлдарын олардың келісімінсіз пайдалануы себеп болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап.

«Гуглға» €100 миллион, ал «Амазонға» €35 миллион айыппұл салынды. Француз заңына сәйкес, интернет-сайттар пайдаланушыларға сайтта cookie арқылы ақпарат жиналатынын және оның қандай мақсатта жүзеге асырылатынын хабарлауы тиіс. Әдетте интернетте жарнама жасайтын интернет-компаниялар ақпаратты осындай файлдар арқылы алып жатады.

Cookie файлдары пайдаланушының қандай сайттарға кіретіні туралы ақпаратты қамтиды. Олар пайдаланушының неге қызығатыны неге сұраныс тудырып отырғанын анықтауға мүмкіндік береді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлзат Ақжолова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT