Франция елшісі Берел туралы: Бұл жер жайлы әлем туристері білмей жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Катонқарағайға жұмыс сапарымен Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Филипп Мартинэ келді. Бұл туралы altaynews хабарлайды. 

Катонқарағайға жұмыс сапарымен Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Филипп Мартинэ келіп, Берел мемлекеттік қорық-музейі аумағында болып қайтты.

Тікұшақтан түсе салысымен, Мартинэ мырза бірден "Патшалар жазығындағы" қорғандарды аралаудан бастады.

«Бұл  жер туралы әлемдегі туристер әлі білмей жатқан болуы керек. Берелдегі жазық жаһандық туризм орталығы ретінде өркендеп, дамуы тиіс. Мен бүгінгі көргеніме таң қалып, таңдай қаққаннан басқа айтарым жоқ», - деді Ф.Мартинэ.

Соңғы жаңалықтар