Франция ауруханаларында дәрігерлер мен медперсонал жетпей жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Франция ауруханаларында жағдай қиын. Дельтадан жұқпалырақ деп танылған омикрон штамын екпе алған дәрігерлер де жұқтырып жатыр, сол себепті олар жұмыстан үзіліс алуға мәжбүр. Ал екпе салдырмаған дәрігерлер жұмыстан шеттетілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews ресурсына сілтеме жасап.

Аталған ахуал салдарынан астаналық өңірде қызметкерлердің жетіспеушілігінен жансақтау бөлімдеріндегі төсек-орын саны 20%-ға қысқарды.

Сонымен қатар стационарларға вирус жұқтырғандар көп түсуде. Аурухана жетекшілері қызметкерлерге түскен салмаққа алаңдаулы.

«Әзірге біздің бригадалар шыдамдылық танытуда, себебі ештеңеге қарамай, ауруханаға жұмысқа келуге мәжбүр. Бесінші толқынның ерекшілігі – қазіргі кезде дәрігерлер екпе алған жағдайда ауруханаға түспейтін науқастар үшін күресіп жатыр», - деді Delafontaine ауруханасы директорының орынбасары Йоан Мурье.

Кейбір ауруханалардағы науқастар қорлардың тапшылығынан жақсы жабдықталған және вирус жұқтырған науқастары аз басқа емдеу мекемелеріне ауыстырылып жатыр.

Оларды тасымалдау үшін санитарлық авиация қолданылауда.

Мұндай жағдай екі жағдайы аса ауыр науқасты елдің оңтүстігіндегі Антибтан солтүстіктегі Лилльге ауыстыру кезінде болған.

«Мұның бәрі оңай емес. Біз екі жыл бұрын болған ахуалға қайта оралғандаймыз. Хирургиялық оталарды кейінге қалдырдық. Одан бөлек, коронавирустың бұл толқынымен күресу үшін еңбек демалысынан уақытынан ерте шықтық», - дейді медбике.

Көп ауруханаларда демалыс күндері жұмыс істеу, жоспардағы оталарды кейінге қалдыру қалыпты жағдайға айналды.

Медициналық қызметкерлер мен оларды ұсынатын кәсіподақтар да президенттік сайлауға қалған төрт ай ішінде билік орнаған ахуалды есепке алып, тиісті шешім қабылдайды деп үміттенеді.


Соңғы жаңалықтар