Франция Алматы облысымен экономикалық серіктес болғысы келеді

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Францияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Филипп Мартинэ Алматы облысына іссапармен келді. Талдықорған қаласында өңір басшысымен кездесіп екі ел арасындағы әріптестікті дамыту жолдарын қарастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс әкімі Амандық Баталов Жетісу жерінің әлеуметтік-экономикалық жағдайын таныстырып, қай салада бірлесе жұмыс істеуге болатынын әңгімілеп берді. Ал Франция елшісі Алматы облысы арқылы Қытай нарығына шығып, Алатау бөктерінде тау шаңғысы және басқада экстрималды спорт түрлерін дамытуға қызуғышылық танытып отырғандарын жеткізді.

Бұдан бөлек ол қазақ жастарын Францияда оқытып, туризм саласын түрлендіруге үлес қосуға дайын екендіктерін айтты. Қазір Франция елінде 600-ге жуық қазақстандық студент оқып жатыр. Елшінің мәлімдеуінше бұл көрсеткішті мыңнан асыруға мүмкіндік бар. Ол үшін Қазақстанда француз тілі оқытылатын үйірмелер көптеп ашылатын болады. Сондай-ақ елші Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұрлы жол» және «Жаңа Жібек жолы» бағдарламалары аясында екі елге тиімді мол мүмкіндіктер бар екенін тілге тиек етті.

«Әлем алманың отаны Алматы облысы деп біледі. Француздар ауыл шаруашылығы саласында да ұтымды жобалар ұсынуға дайын», дейді Филипп Мартинэ.

Францияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Филипп Мартинэ Жетісу өңірінде бірнеше күн болып, Қорғас шекарасына дейін барып, өңірдің экономикалық әлеуетін өз көзімен көріп қайтпақ.

null 

Соңғы жаңалықтар