Франция 9 қыркүйекте актер Жан-Поль Бельмондомен қоштасады

None
None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – 9 қыркүйек, бейсенбі күні Париждегі Мүгедектер үйінде актер Жан-Поль Бельмондомен жалпыұлттық қоштасу рәсімі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

Халықаралық француз радиосы кино саласындағы аңыз адаммен қоштасу рәсімін өткізу туралы шешімді Франция президентінің әкімшілігі қабылдағанын хабарлады.

Танымал актер Жан-Поль Бельмондо 6 қыркүйекте 88 жасында қайтыс болды.
Республика президенті Э.Макрон актерді «ұлт қазынасы» деп, оның қазасына қатысты әлеуметтік желіде пікір білдірді.
Париждегі Мүгедектер үйі әскери шара өткізетін ғана емес, Францияның танымал тұлғаларына құрмет көрсететін орынға айналды. Екі жыл бұрын мұнда президент Жак Ширакпен қоштасу рәсімі өтсе, 2018 жылдың қазан айының басында француз шансоны Шарль Азнавурға соңғы рет ұлттық құрмет көрсетілді.
Дүйсенбі күні кешкісін француз телеарналары Бельмондоның құрметіне өз бағдарламаларын өзгертті. TF-1 бірінші арнасы көрсеткен «Тағдыр еркесі» фильмін 3 млн астам көрермен тамашалаған. Авторы: Арнұр Рахымбеков

Соңғы жаңалықтар