France Football басылымы әлемнің ең қымбат футбол ойыншысын атады

None
None
АСТАНА. 22 наурыз. ҚазАқпарат - «Барселонаның» аргентиналық шабуылшысы Лионель Месси әлемдегі ең табысты футболшы боп табылады, деп хабарлады «Аламан» порталы France Football басылымына сілтеме жасап.

Мессидің жалақысы мен жарнама арқылы тапқан пұлы 33 миллион еуроны (шамамен 40 миллион доллар) құрады. Үлкен футболдың сиқыршысы бұл кестеде  «Лос-Анджелес-Гэлэкси» клубында өнер көрсететін  Дэвид Бекхэм мен «Реалдың» шабуылшысы Криштиану Роналдуды артта қалдырды. Ресейлік «Анжи» клубының шабуылшысы  Самюэль Это'О-ның да біраз жиған-тергені бар көрінеді. Оның жылдық жалақысы 23,3 миллион еуроны құрайды. Бапкерлердің тізімін Жозе Мауриньо бастап келеді. «Корольдік клуб» оған жылына 14,8 миллион төлейді. ПСЖ-ның жаттықтырушысы Карло Анчелотти 13,5 миллион еуро табыс тауып отыр.

Соңғы жаңалықтар