USD 434.84 EUR 498.2
RUB 5.72 CNY 68.47
Jańalyqtar

Фоторепортаж: Кейкі батыр рухына арналған қазақ күресі жарысы аяқталды

2017 жылғы 16 қыркүйек 06:00
Бөлісіңіз:
Фоторепортаж: Кейкі батыр рухына арналған қазақ күресі жарысы аяқталды

ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат - Қостанай облысында Кейкі батыр сүйегін жерлеу рәсімі құрметіне орай қазақ күресінен «Түйе палуан» жарысы өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі

Кейкі батыр кесенесі орналасқан Амангелді ауданына қарасты Тасты ауылында қазақ күресінен республикалық жарыс ұйымдастырылды. Палуандар додасына елімізге танымал алыптар жиылды.

"Қазақстан барысы" турнирінің 2014 жылғы жеңімпазы Мұхит Тұрсынов бірінші кездесуінде Жанкелдин ауданының палуанын айқын басымдықпен ұтты. Сонан соң астаналық тәжірибелі спортшы, дзюдодан еліміздің бірнеше дүркін чемпионы Сергей Пакты тізе бүктірді.

Ал тағы бір топжарған палуан Айбат Сейтен алғашқы айналымнан сүрінбеді. Екінші кезеңде оған грек-рим күресінен Азия чемпионы Талғат Жиентаев қарсы тұрды. Дегенмен, талай доданың шаңын қаққан Айбат Сейтен қарсыласын алып ұрды.

«Арқалық барысы» Ғабит Балғынбаев та бабында екенін көрсетті. Ол да бастапқы қарсыластарын айқын ұтып, жартылай финалға шықты. Ғабит боз кілем иесі, аманкелділік Рысбек Дәуітпен кездесті. Бұл жолы да арқалықтық жігіттің бағы жанды. Жұртшылық Мұхит Тұрсынов пен Айбат Сейтеннің күресін күткен-ді. Осылай сыралғы қарсыластар тағы жолықты. Бірге жаттығып жүрген білектілердің бәсі Айбаттың пайдасына шешілді.

Үшінші орын үшін өткен кездесуде Мұхит Тұрсынов Рысбек Дәуітті жеңді. Бірінен-бірі асқан сақа палуандардың арасынан Арқалық қаласынан келген Ғабит Балғынбаев озды. Ол Айбат Сейтенді ұпай санымен ұтып, «Түйе палуан» атанды.

Осылайша, Аманкелді ауданының әкімі Нұржан Өтегенов жарыс жеңімпазы Ғабит Балғынбаевқа автокөліктің кілтін тапсырды.

null


null

null

null

null

null

null

null
null

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT