Фоторепортаж: Қазақстан - әлем назарында

None
None
НЬЮ-ЙОРК. ҚазАқпарат - 18-19 қаңтар күндері Біріккен Ұлттар Ұйымының штаб-пәтерінде Қауіпсіздік Кеңесінің жұмысы аясында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалық етуімен ядролық қаруды таратпау тақырыбындағы дебаттар және Ауғанстан және Орталық Азияда өңірлік әріптестік құру тақырыбына арналған министрлер отырысы болды. 

«ҚазАқпарат» ХАА оқырмандар назарына БҰҰ штаб-пәтеріне барып, осы оқиғаларды тікелей бақылап отырған меншікті тілшісінің фоторепортажын ұсынады.







БҰҰ ғимаратының алдында ұйымға мүше елдердің, соның ішінде Қазақстанның да туы желбіреп тұр. Ортада - БҰҰ жалауы. Ғимараттың ішін бейнебір музей дерсіз: суреттер, БҰҰ дамуына үлес қосқан тұлғалардың, Ұйымның барлық бас хатшыларының барельефтері көз тартады.









«Алтын адамның» көшірме нұсқасы БҰҰ Бас Ассамблеясы мен Қауіпсіздік Кеңесінің отырыстарына келушілерді қарсы алған Қазақстан атын танытып тұр.

Қазақстан Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалық ететін мерзімде БҰҰ штаб-пәтерінің бірінші қабатында еліміздің сұлу табиғатынан сыр шертетін фотокөрме және Қазақстан Республикасының бейбітсүйгіш саясаты, Астана, ЭКСПО-2017 жайындағы стендтер қойылған.



Соңғы жаңалықтар