Фотохроника. Тәуелсіздіктің 30 сәті

None
None
НҰР- СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚазАқпарат Тәуелсіздіктің 30 жылында халықтың есінде қалған 30 сәтінен фотохроника ұсынады.

1.1990 жыл, 25 қазан – Егемендік туралы декларация қабылданды.

2. 1991 жылы 2 қазанда Тоқтар Әубәкіров Байқоңырдан ғарышқа ұшты.

3.1991 жылдың 18 қарашасында шетелдегі этникалық қазақтарды Қазақстанға көшіру туралы ҚазССР Үкіметінің қаулысы қабылданды. (Қазір бұл күн «Ұлы көш күні» деп атала бастады).

4. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жарияланды.


5.1992 жылы Алматы қаласында Дүниежүзі қазақтарының І Құрылтайы өтті.

6. 1992 жыл Елтаңба, Мемлекеттік Әнұран туралы заңдар қабылданып, ҚазақКСР туының орнына Қазақстан Ресупбликасының Мемлекеттік Туы ілінді.


7. 1993 жылы 15 қарашада ұлттық валюта – Теңге ресми таныстырылды.


8.Мұстафа Өзтүріктің Қазақстанға қоныс аударып, елдегі таэквондоның негізін қалауы халықтың рухын қатты көтерген еді.

9. 1995 жылы Абай Құнанбайұлының 150 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтті.

10. 1996 жылы 16 желтоқсанда Алматыдағы Республика алаңында «Тәуелсіздік монументі» ашылды.

11. 1998 жылы 10 маусымда Астананың ресми тұсаукесері өтті.

12. 2000 жыл Түркістан қаласының 1500 жылдығы тойланды.

13. Аустралияның Сидней қаласында өткен XXVII Жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстан 199 елдің ішінде медаль есебі бойынша 22 орын алды.

14. 2001 жылы 18 мамырда астанадағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Күлтегін ескерткішінің көшірмесі орнатылды.

15. 2002 жылы Тараз қаласының 2000 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтті.

16. 2003 жылы Астана қаласында Бейбітшілік және келісім сарайы салынып, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Бірінші съезі өтті.

17. 2004 жылы «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы ресми бастау алды.

18. 2007 жыл «Жасыл ел» бағдарламасы бекітілді.


19. 2008 жыл 6 шілде Астана күні ресми мерекелер тізіміне енді.

20. Индустриялдық-инновациялық дамудың алғашқы бесжылдық бағдарламасы қолға алынды.

21. 2011 жыл Қазақстанда VII Қысқы Азия ойындары өтті.



22. 2015 жыл Қазақ хандығы 550 жылдығы тойланды.

23. Қытайдағы I am a singer жобасы арқылы Димаш феномені әлемге танылды.

24. Астанада Халықаралық EXPO-2017 көрмесі өтті.

25. Ұлт азаттық күрес батыры Кейкінің бас сүйегі Торғай даласына арулап жерленді

26.2018 жылдың 12 тамызында Ақтауда Қазақстан, Әзербайжан, Иран, Ресей және Түрікменстан елдері Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін айқындап, бекітті.

27. 2019 жылдың 19 наурызында Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өз өкілеттілігін Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсырды.

28. 2019 жылғы қаңтар-маусымда Қазақстанның арнайы қызметтері «Жусан» операциясын жүзеге асырды.

29. 2020 жылдың наурызында COVID-19 пандемиясы қарсаңында елде Төтенше жағдай режимі жарияланды.

30. 2021 жыл Түркістан қаласы түркі әлемінің рухани орталығы болып жарияланды. Халықаралық Түркі кеңесі «Түркі мемлекеттері ұйымы» болып құрылды.


Соңғы жаңалықтар