ForteBank жеке мәліметтерімді жария етті деп кінәлаған алматылық келіншекке жауап берді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ForteBank алматылық келіншек Анна Дмитриевичтің жеке мәліметтерімді жария етті деген мәлімдемесіне қатысты ресми жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бүгін алматылық Анна Дмитриевич Facebook желісінде Egov арқылы бұрын оның мекенжайы мен жылжымайтын мүлік туралы анықтаманы біреу алғанын жария еткен болатын. Аннаның өзі бұл уақытта шетелде оқуда болған.
ХҚКО қызметкерлерінің айтуынша, анықтамалар ForteBank қызметкерінің сұрауымен алынды.
«Банк Аннаның мәлімдемесін толық қолдайды және жеке бас мәліметтерін қорғау туралы заңнаманың бұзылуына қарсы. Бұл посттан кейін банкте дереу тексеру жүргізілді. Нәтижесінде банкте аты-жөні сондай ешбір адам жұмыс жасамайтыны анықталды. Ал айтылған ЖШС-ның банкке еш қатысы жоқ. Алайда тексеру жалғасады. Жағдай жақын арада белгілі болады», - деді банктің баспасөз қызметінен.
- Алматыда 2 адам табиғи газдан уланып көз жұмды
- Мейрамбек Бесбаев коронавируспен жансақтау бөліміне түсті
- Алматыда карантин шараларын күшейту туралы жаңа қаулы жарияланды
- QI-Trade Kazakhstan» қаржылық пирамидасының екі директоры ұсталды
-
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ресми ақпараты
-
Желіде полицияға шабуылдаған ер адамның видеосы қызу талқыланып жатыр
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам