Форс-мажор жағдайларда монополистік қызметке шектеуді Бәскелестікті қорғау агенттігі енгізеді – Үкімет

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне форс-мажор кезеңдерде монополистік қызметке шектеу қою құзыреті берілмек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Агенттік бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу шеңберінде табиғи монополиялар және квазимемлекеттік сектор субъектілері көрсететін міндетті қызметтер тізбесін бекітеді», - делінген «Ашық» НҚА порталында жарияланған құжатта.

Үкімет қаулысына берілген түсіндірмеге сай, агенттікке мұндай функция форс-мажор жағдайларда жедел шешім қабылдау үшін беріліп отыр.

«Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы» ҚР Президентінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі Жарлығының 2-тармағына сәйкес, ҚР Үкіметі өзекті сын-қатерлерге, форс-мажорлық мән-жайларға және дағдарыстық жағдайларға жедел ден қою үшін нормативтік-құқықтық актілерді қабылдау құқығын мемлекеттік органдарға беруді, сондай-ақ мемлекеттік тіркеусіз қабылдаудың ерекше тәртібін енгізу тапсырылды. Осыған байланысты көрсетілген тізбені бекіту жөніндегі құзыретті ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне бекіту ұсынылады», - деп жазылған Үкімет қаулысына қосымша берілген түсіндірмеде.

Құжат 3 мамырға дейін көпшілік талқылауда болады.


Соңғы жаңалықтар